Спорт

“Қызылжар” ФК алматылық “Қайраттан” жеңілді

Жергілікті “Қызылжар” ФК алматылық “Қайраттан” жеңіліп қалды. Кездесу кеше Талғар қаласында өтті. Қос құрама арасындағы матч тартысқа толы болды.

Турнирлік кестенің көшбасшылары ойын басталысымен бірден шабуылға көшті. Көп ұзамай аяқдоп шеберлерінің бұл ұмтылысы өз нәтижесін берді. Кездесудің 27-ші минутында есепті оңтүстікастаналық Абат Айымбетов ашты. Солтүстікқазақстандық футболшылар таразы басын теңестіруге қанша тырысқанымен, түк шықпады. Матч 0 де 1 есебімен аяқталды. 8 ойыннан кейін “Қызылжар” 7 ұпаймен турнирлік кестенің 9-шы сатысында тұр. Жерлестеріміздің келесі қарсыласы – Шымкент қаласының “Ордабасы” ФК-ы. Аталған ұжымға қарсы кездесу қыркүйектің 24-і күні Талғарда өтеді деп жоспарланған.

Эльмира Садвокасова