Қоғам

Карантин кезінде 4 мыңнан астам солтүстікқазақстандық жұмыссыз қалған

СҚО-да карантин енгізілгелі бері мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісі өз қызметін тоқтатуға мәжбүр болған.

Салдарынан 4 мыңнан астам адам жұмыссыз қалған. Оның 2 мыңы – сауда-саттық өкілдері. Екінші сатыда өнер, ойын-сауық және қызмет көрсету салаларында еңбек еткен жандар тұр. Бұл ретте айта кетейік, әлемдік пандемияға дейін өлкемізде 30 мыңнан астам шағын, орта және ірі бизнес субъектісі жұмыс істеді. Тұрғындарды еңбекпен қамту мәселесі бүгін “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев өткізген онлайн-кеңесте талқыланды.

Тимур Құлыбаев – “Атамекен” ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы:

– Пандемия кезінде бизнес саласы зардап шекті. Мыңдаған адам жұмысынан айрылды. Сол себепті, біз “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасының әр өңірдегі өкілдерімен бірлесіп, іскер жандармен қашықтықтан тілдесіп жатырмыз. Мақсатымыз – қиын-қыстау шақта шығынға батқан және жұмыссыз қалған жандарға көмектесу.

 

Ешкенова Дана