Ауыл шаруашылығы

Қазақстан Қытайға бидай экспортын ұлғайтуы мүмкін

Қазақстан Қытайға жоғары сапалы бидай экспортын ұлғайтуы мүмкін.

Бұл туралы Үкімет отырысында еліміздің Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді. Үстіміздегі жылы / қалыптасқан дәстүрге сай / Ауғанстан және Орта Азия мемлекеттерімен де әріптестік жалғасын таппақ. Аталған аумақтарға биыл орылған отандық бидай мен ұн жөнелту көзделіп отыр. Бүгінде республикамызда күзгі дала жұмыстарының 93 проценті тындырылды. Қамбаға 18 млн тонна өнім құйылады деп болжануда. Басым бөлігі – бидай. Ел бойынша гектардың орташа берекелігі 12,2 центнерді құрайды.

 

Ешкенова Дана