Құқық қорғау органдары

54 жастағы қала тұрғыны велосипед ұрлаған

Велосипед ұрлаған / 54 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Егде жасқа таяған ер адамның әрекетін / тәртіп сақшылары камераның көмегімен анықтаған. Ол осыған дейін де ұрлық жасағаны үшін сотталған екен. Қазір аталған іске қатысты тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Оқиға қыркүйектің 16-сы күні Шухов көшесіндегі жатақханада орын алған. Ата-анасының үйіне қонаққа келген 27 жастағы петропавлдық велосипедін подъезге кіргізіп қояды. Мұны 54-тегі ер адам байқап қалып, мүлкін жымқырып кетеді. Көп ұзамай қос дөңгелекті көліктің жоғалғанын иесі аңғарады. Ол бірден тәртіп сақшыларына хабар берген. Іздестіру шарасы небәрі 3 сағатқа созылыпты. Мамандар жылдам әрекет етіп, қолының қыспасы бар кісіні камераның көмегімен тапқан. Ұры заңсыз олжасын үйінің жертөлесіне жасырып үлгерген екен.

Михаил Савенков – қала тұрғыны:

– Жұмысқа бару үшін асығып сыртқа шықтым. Қарасам велосипедім жоқ. Жақын маңдағы полиция бөліміне хабарластым. Тәртіп сақшылары көп ұзамай екі дөңгелекті көлігімді тауып берді. Мамандарға алғысым шексіз.

Қазір бұл фактіге қатысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іс аяқталғасын ұрыға қатысты шара қолданылады.

– Жедел іздестіру шаралары барысында 1956 жылы тұрғын ұсталды. Заңға сәйкес 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Құлақ түріңіздер, тәртіп сақшылары тұрғындарға мұндай көлік құралдарын мықтап юбайлап қою немесе бейнебақылау камерасы бар жерге қою қажеттігін ескертеді.

 

 

Маржан Касымбек