Құқық қорғау органдары

Жыл басынан бері өңірде 4 адам пойыз астына түсіп, көз жұмған

Жыл басынан бері өңірде 4 адам пойыз астына түсіп, көз жұмған.

Соңғы қайғылы жағдай сәуір айында Мағжан Жұмабаев ауданында тіркелді. Булаево қаласының маңында жергілікті тұрғынды пойыз қаққан. Марқұм темір жол бойының тыйым салынған жерінен өтпек болыпты. Мамандардың айтуынша тұрғындар қауіпсіздік ережелеріне немқұрайлық танытып жатады. Біразына ескерту жасалып, кейбіріне айыппұл салынған. Пойыз ішінде ұрлық фактілері де тіркеліпті. Осы орайда тәртіп сақшылары белсенді нұротандықтармен бірлесіп, профилактикалық рейдтер жүргізуде. Оның барысында мамандар жолаушылармен тілдеседі, негізгі ережелерді, санитарлық нормаларды түсіндіреді.

Абзал Рахиев – Петропавл станциясындағы ЖПБ бөлімшесінің бастығы:

– Осындай профилактикалық рейдтерді жиі өткізіп тұрамыз. Басты мақсат – оқыс оқиғаларды болдырмау. Осы орайда статистикаға тоқталайық, бүгінге дейін Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері 1463 құқық бұзушылық фактісін анықтады. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда біршама аз.

Дана Ешкенова