Құқық қорғау органдары

СҚО-да 34 жастағы ер адам 1 келі марихуанамен ұсталды

СҚО-да 34 жастағы ер адам 1 келі марихуанамен ұсталды. “Паутина” жедел-алдын алу іс шарасы аясында өңірлік полицейлер 34 жастағы азаматты құрықтады.

Күдікті петропавл қаласының тұрғыны. Жерлесіміз заңсыз түрде 1 келіден астам марихуананы сақтаған. Мамандар еліткіш затты тәркілеп алды. Қазір аталған фактіге қатысты тергеп тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Ер адам енді 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жалпы, жыл басынан бері өңірде есірткі айналымына қатысты 160-тан астам факті тіркелген.

Что это такое? Сразу поясняйте.

 – Марихуана, скорее всего.

– Нет. «Скорее всего», или…

– Ну, да!

– Понятые! Видите: обнаружено вещество растительного происхождения, зеленого цвета, имеет специфический запах. Чувствуете?

Темірхан Ищанов – Петропавл қалалық ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің жедел уәкілі:

– Марихуананы бір реттік пайдаланатын 200 дозаға бөліп сатпақшы болған. Аталған факті жөнінде ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

Бердимурат Баймухан