МТРА жаңалықтары

Демалыс күндері карантин қағидалары жұмсартылады

Облыс бойынша демалыс күндері карантин қағидалары жұмсартылады. Өңірдің бас санитарлық дәрігері Серікбай Қасмақасов  жаңа қаулы қабылдады.

Алдағы сенбі-жексенбі күндері  бұған дейін қызметтерін тоқтатуға мәжбүр болған нысандардың жұмысы қайта жанданады. Яғни, театрға баруға болады. Көрермендердің саны 50-ден аспауы тиіс. Сауда және ойын-сауық орталықтарындағы қоғамдық тамақтану орындарына да таңғы 9-дан түнгі 11-ге дейін жұмыс істеулеріне рұқсат беріліп отыр. Бұл жерде де келушілердің саны 50-ден артық болмауы керек. Сондай-ақ, демалыс күндері тағы бірқатар нысандар қызметтерін қайта жандандырмақ.

Әсет Жұматаев – Петропавл қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы:

–  Сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық қызмет көрсететін нысандар (алдын ала жазылу бойынша және 1 келушіге 4 шаршы метрден кем болмауы тиіс); фитнес орталықтар, спорттық-сауықтыру орталықтары, тренажер залдары, спорт кешендері, сауналар, бассейндер (толтырылуы 50%-дан аспайтын, бірақ адам саны 50-ден аспауы тиіс. 02:55 Балалар кабинеттері, түзету орталықтары, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары мен топтарда балалар мен ересектерге арналған курстар алдын ала жазылу бойынша сағат таңғы 9-дан кешкі 8-ге дейін рұқсат етіледі.

Бисенова Жанна