МТРА жаңалықтары

Сымбаттылық сыйлайтын фитнес клуб

Сымбатты болғыңыз келсе, “Wellness & Spa Club Skinny” фитнес клубына барыңыз! Йога, фитнес-паур, фито терапиясы. Одан қалды, ақылды жаттығу құралдары мен спа шаралары. Заманауи дүниелермен жабдықталған орталықтың салауатты өмір салтын ұстанған жанға ұсынар қызмет ауқымы кең. Әрі мұнда білікті мамандардан кеңес алуға болады.

Шаһардағы «Wellness & Spa Club Skinny» фитнес клубы осыдан бір жарым жыл бұрын ашылды. Орталықта денсаулықты нығайтқысы, дене бітімін жақсартқысы келетін жандар үшін түрлері қызметтер ұсынылады. Осысымен өзгелерінен ерекшеленеді.

Светлана Завьялова – “Wellness & Spa Club Skinny” фитнес клубының директоры:


– Біз өзге фитнес залдардан түбегейлі ерекшеленеміз. Клубтың өзіндік бағыты бар. Мұндағы жаттығулар аппараттың көмегімен жасалады. Мысалы, омыртқа буындарына ауыртпалық түсірмес үшін ақылды тренажерларды қолданамыз. Тәжірибелі мамандар үнемі ақыл-кеңестерімен бөліседі. Тағы да басқа артықшылықтарымыз бар.

Қаламызда тек “Wellness & Spa Club Skinny”-де кездесетін ақылды тренажерларға толығырақ тоқталайық. Бүгінде фитнес клубта олардың 20-ға жуық түрі бар. Барлығы Еуропадан әкелініпті. Яғни, шетелдіктер дәл осы құрылғыларды қолданып, жаттығу жасайды.

Светлана Завьялова – “Wellness & Spa Club Skinny” фитнес клубының директоры:

– Біздің клубтағы жаттығуларға үлкен де, кіші де қатыса алады. Тіпті, жанұямен келуге болады. Ақылды тренажерлардағы жаттығулардан бөлек, фитнес-паур, стречинг және йогаға қабылдаймыз. Олар топтық форматта өтеді.

Бүгінде йога – нәзікжандылар арасында аса танымал. Оның көмегімен ағзаны қалыпқа келтіріп, қан айналымын жақсартуға болады. “Алайда,
ол үшін үздіксіз жаттығу керек”,- дейді білікті жаттықтырушы Малика Ескендірова. Нәзікжандының бұл салада 7 жылдық еңбек өтілі бар. Ол еліміздің және Ресейдің бірнеше қаласында болып, тәжірибесін шыңдапты.

Малика Ескендірова – “Wellness & Spa Club Skinny” фитнес клубының йога жаттықтырушысы:

– Осы клубта жұмыс істеп жатқаныма 1 жылдай уақыт болды. Жұмасына 3 рет жаттығу өткіземін. Қарапайым адамдармен қатар, жүкті нәзікжандыларды да қабылдаймын. Яғни, олармен арнайы йога жаттығуларын жасаймын. Бізге ана мен бала да келеді. Кішкентай ұл-қыздарға түрлі массаж жасаймыз, іс-қимылдар арқылы денені шынықтырамыз.

Сондай-ақ, «Wellness & Spa Club Skinny» фитнес клубында келушілер спа-процедураларды да қабылдай алады. Орталықта фитотерапия, массаж, солярий және хамам бөлмелері бар. Целлюлитке қарсы бағдарламалар да қарастырылған.

Бұл – процедуралардың соңғысы емес. Клубта шугаринг пен ваксинг жасайтын мамандармен қатар, білікті косметолог та жұмыс істейді. Айта кетейік, орталық алдын-ала жазылу бойынша таңғы 8-бен кешкі 10-ның аралығында қабылдайды. «Wellness & Spa Club Skinny» фитнес клубы
Казахстанская правда, 73 мекен-жайында орналасқан.

Дана Ешкенова