Балалар

Петропавлда пікірсайыс турнирі өтті

Петропавлда пікірсайыс турнирі өтті. Шараны жергілікті “Jasyl El” ұйымының белсенділері онлайн түрде ұйымдастырған.

Спикерлер сөз жарыстыру кезінде түрлі өзекті тақырыпты қозғаған. Мәселен, білім беру саласындағы олқылықтар мен әлеуметтік нысандарға белгілі тұлғалардың есімдерін беру жайында ой бөлісіпті. Парламенттік дебат ойындары кезінде бір жақ аталған тақырыпқа қатысты қолдау білдірсе, қарсы тарап дәлел келтіре отыра оны даттауы тиіс. Спикерлердің сайысын Қазақстанның дебат федерациясының өкілдері бағалады. Барлығы 25 команда қатысқан. Жеңімпаздар диплом және құнды сыйлықтармен марапатталды.

Даяна Оспанова – “JE SKO штабы” ҚБ төрағасының орынбасары:

– Турнир қорытындысы бойынша қазақ лигасында 3-ші орынды – Мамлют ауданы, 2-ші – Петропавл қаласы, ал 1-ші орынды Тайынша ауданының тобы иеленді. Орыс лигасында 3-ші орынды – Назарбаев Зияткерлік мектебі, 2-ші – Петропавлдың машина жасау колледжі және 1-ші орынды ЛОРД гимназиясының тобы иеленді.

Бисенова Жанна