Мәдениет

Облыстық кітапханада “Тіл-татулық тірегі” атты әдеби кеш өтті

Тіл – татулық тірегі. Осындай атаумен Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада әдеби-музыкалық кеш өтті. Шараға кітапхана оқырмандары, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен жергілікті тарихи-өлкетану музейінің мамандары қатысты.

“Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте” – бұл сөз Диас Аяғанның өмірлік ұстанымына айналыпты. Ол жергілікті университетте тіл және әдебиет мамандығы бойынша білім алуда. 1-ші курс студенті бала күнінен қалам тербейді екен. Жас ақынның қазіргі таңда 30-ға жуық өлеңі бар. Ол бүгінгі мерекелік іс-шараға “Қазақ тілі” деген арнауымен келіп отыр.

Диас Аяған – жас ақын:

–  Жалпы, біздің қазақ тілінің қоғамдағы үлес-салмағының, орнының нығаюына осындай іс-шаралардың пайдасы зор деп ойлаймын. Тілімсің ғой, сен еңселі,Жатқа неге кемсеңдеймін.Өткенімнен көрем сені, болашақтан көрсем деймін.

Тілдер күніне байланысты іс-шаралар облыстық кітапханада жиі өткізіліп тұрады. Биыл елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты айтулы күн сәл кешеуілдетіп, яғни бүгін аталып отыр.
Жиынға қатысушылар “Тіл – татулық тірегі” атты кітап көрмесін де тамашалады.

Майра Әшімова – С.Мұқанов атындағы ОҒӘК қазақ тіліндегі әдебиет бөлімінің жетекшісі: 

– Бұл жерге Қазақстанда тұратын халықтың тілдері, салт-дәстүрі, тарихы көрсетілген кітаптар қойылған.

Жиында әсем күй шертілді, ана тілімізге арналып жазылған өлеңдер оқылды.

Казиканова Алтынай