Құқық қорғау органдары

Наркограффитимен күрес

Наркограффитимен күрес. Жергілікті “Қамқор” еріктілер клубының мүшелері мен тәртіп сақшылары бірлесіп акция өткізді. Олар Борки кенті және Алтынсарин мен Шәжімбаев көшелерінің қиылысына барды. Онда мамандар бос тұрған ғимараттарда салынған суреттерді өшірді. Яғни, есірткілік жазбалар мен еліткіш заттар сататын сайттардың атауларын бояды.

Бұл волонтерлердің полицейлермен жүргізіп жатқан алғашқы акциялары емес. Ерікті жастар бүгінге дейін наркограффити салынған жүздеген суретті өшірген. Студенттер тәртіп сақшыларымен бірге басқа да шараларға белсене ат салысады дейді волонтерлер клубының жетекшісі Екатерина Галата. Айтуынша, олар жасөспірімдер арасында есірткіге қарсы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға жаднамалар таратады, бетперделер үлестіреді.

Екатерина Коклемина – “Қамқор” еріктілер клубының мүшесі:

– Наркограффитилерді өшіру акциясына қатыстық. Бүгін қабырғаларға жазылған біршама суретті бояп тастадым. Мұндай жазбалардың таралуына жол бермеу керек. Жастарға “Есірткіге жоламаңдар!” дейміз

Ай сайын полицейлерге наркограффити туралы шамамен 5 хабарлама түсіп отырады. Мұндай хабарды тұрғындар полицейлерге экранда көрсетілген /87075009665/ WhatsApp мессенджеріндегі “тікелей желі” арқылы жібере алады. Жауапты мамандар келген әр мәлімдеме бойынша тиісті шара қолданады. Яғни, барып тексереді, үстінен бояп тастайды. Бұл бағытта полицейлерге волонтер студенттер қолғабыс көрсетеді. Мамандардың айтуынша наркографити салған адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Галина Жолумбетова – қалалық ПБ аға жедел уәкілі:

–  Біз есірткі сататын сайттардың атауларын қанша өшірсек те азаяр емес. Осы ретте тұрғындарды да бұл іске атсалысуларын сұраймыз. Егер жазуды көріп, оны өшіріп тастауға мүмкіндік болмаған жағдайда мекен-жай мен суретті 8-707-500-96-65 ватсапп нөміріне жолдау керек.

Жалпы, жыл басынан бері өңір полицейлері заңсыз айналымнан 300 келіден астам есірткі затын тәркілеген. Оның 1 кг 200 грамнан астамы – синтетикалық есірткі.

Бердимурат Баймухан