Sailau banner

МТРА жаңалықтары

Алдағы демалыс күндері Петропавлда су беру уақытша тоқтатылады

Қала тұрғындары мен қонақтарының құлағына алтын сырға! Алдағы демалыс күндері Петропавлда су беру уақытша тоқтатылады.

Іске жауапты мамандар сенбі-жексенбіде тіршілік көзін таратушы құбырларды жуып-шайып, дезинфекциялап, тат пен өзге де қалдықтардан тазартпақшы. Осыған байланысты “Қызылжар су” кәсіпорнының өкілдері / тұрғындардан / су қорын молайтып алуды сұрайды! Айта кеткен жөн, мұндай жоспарлы шаруа облыс орталығында жыл сайын / жылыту маусымы қарсаңында өткізіледі.

Болат Салахутдинов – “Қызылжар су” ЖШС орталық диспетчерлік қызметінің басшысы:

– Қалада су беру қыркүйектің 19-ы күні түнгі 12-де тоқтатылады. Бұдан соң, тиісті профилактикалық шаруа бастау алмақ. Ол 2 тәулікке жалғасады. Яғни, тіршілік көзі тұрғындарға дүйсенбі, таңғы 6-да жетеді. Жуып-шаю жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде адамдардан краннан аққан суды пайдаланбауды сұраймыз!

Бисенова Жанна