Құқық қорғау органдары

СҚО-да жол-көлік оқиғалары салдарынан 4 адам қаза тапты

Қыркүйектің 15-і күні Есіл ауданында жол-көлік апаты орын алды.

Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, Явленка селосының кіреберіс тұсында қарсы бағытқа шығып, маневр жасап жатқан “Москвич” автокөлігін “Volvo” ауыр жүк машинасы соққан. Осы сәтте оларға “Жигули” соғылған. Ауыр соққы салдарынан алғашқы темір тұлпардағы 79 жастағы жүргізуші мен оның зайыбы көз жұмды. Ал өзге жарақат алған жандар жедел ауруханаға жеткізіліпті. Кеше Шал Ақын ауданында да жол-көлік оқиғасы тіркелді. Мұнда Ұзынжар ауылының маңында “УАЗ” бен “КамАЗ” бір-біріне соғылды. Өкінішке қарай, “УАЗ” көлігіндегі қос жолаушы қаза тапты. 5 адамға медициналық көмек көрсетіліпті.

Казиканова Алтынай