Құқық қорғау органдары

Аққайын ауданында 24 жастағы жігіт пышақ жарақатынан қайтыс болды

Аққайың ауданында 24 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды.

Қайғылы жағдай қыркүйектің 11-і күні Смирново селосында орын алды. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, екі тұрғын сөзге келіп жалған. Түсініспеушілік кезінде 23 жастағы солтүстікқазақстандық марқұмды пышақтаған. Жараланған азамат ауруханаға жеткізіліпті. Алайда, оның өміріне дәрігерлер араша түсе алмады. Күдікті оқиға орнында құрықталыпты. Бұған дейін сотталған жігіт қазір – уақытша ұстау изоляторында.
Бүгінде аталған факті бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Нұрбек Баекин – СҚО ПД баспасөз қызметінің инспекторы:

– Осы қылмысты жасады деген күдікпен марқұмның 23 жастағы ауылдасы ұсталды. Қазіргі таңда ҚК 106 бабы, 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Ешкенова Дана