Спорт

Жергілікті “Qyzyljar” ФК қостанайлық “Тobol”-дан жеңіліп қалды

Өткен сенбі күні Алматы қаласында жергілікті “Qyzyljar” футбол клубы қостанайлық “Тobol”-мен кездесіп, жеңіліс тапты.

Матч 2 де 0 есебімен аяқталды. Ойын барысын қысқаша баяндай кетейік. Кездесудің 35-ші минутында сары-жасылдардың тасқамал қорғаушысы Дмитрий Мирошниченко көзге түсті. Ол айып алаңына асырылған допты баспен қақпаға тура бағыттап, торда тулатты. Келесі таймда екінші голдың да авторы белгілі болды. Қостанайлықтардың капитаны Азат Нұрғалиев басымдықты арттырды. Бұл жеңілістен / кейін петропавлдық ұжым турнирлік кестеде 8-шіден 9-шы орынға түсіп қалды. Қоржында 7 ұпай бар. Жергілікті құрама келесі матчты қыркүйектің 20-сы күні / көш басындағы алматылық “Kairat”-қа қарсы өткізеді.

Бисенова Жанна