Ауыл шаруашылығы

Өңірде орақ науқаны аяқталуға жақын

Өңірде орақ науқаны аяқталуға жақын.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы мамандарының мәліметінше, бүгінгі күнге дейін дихандар дәнді және дәнді бұршақты дақылдардың тұқымы сіңірілген жалпы аумақтың 86,3 пайызындағы немесе 2,5 млн гектардағы астықты жинапты. Қамбаға 3,7 млн тонна ырыздық жеткізілген екен. Орташа гектар берекелігі – 14,5 центнер. Шығымдылық бойынша Қызылжар ауданы көшбастап тұр.
Мұндағы көрсеткіш 17 центнерді құрайды. Ал шаруалар істің 90 процентін аяқтапты. Енді майлы дақылдар жайлы баяндайық. Өлкемізде 580 мың гектардан астам жердегі өнім орылған. Түсім 8,2 центнерден айналуда.

Бердимурат Баймухан