Құқық қорғау органдары

Экстремистік мазмұндағы материал жариялаған жан жауапкершілікке тартылды

Экстремистік мазмұндағы материал жариялаған! Осындай айыппен Петропавл қаласының тұрғыны жауапкершілікке тартылды.

33 жастағы нәзікжанды «ВКонтакте» желісіндегі өзінің жеке парақшасына ел аумағында сақтауға және таратуға тыйым салынатын діни аудио және видео жүктеген. Тексеру барысында азаматша деструктивті діни ағым өкілі екені анықталды. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалып,
20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Жалпы, жыл басынан бері өлкеміздің дін саласында 13 құқық бұзушылық фактісі тіркеліпті. Оның 8-і бойынша тұлғалар жауапқа тартылыпты. Қалғаны әлі тексеріліп жатыр екен.

Дархан Сыздықов – СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі:

– Қазақстан Республикасы Дін істері комитетінің жасаған сараптама қорытындысы бойынша, жарияланған файлдар экстремистік деп танылған. Оны Қазақстан бойынша сақтау және таратуға тыйым салынады.

Бисенова Жанна