Қоғам

Қыркүйектің 2-ші жексенбісі – Отбасы күні

Бақыттың кілті – түсіністікте. Бұл – өнерлі де өнегелі Ғафуровтар жанұясы ұстанатын басты қағидалардың бірі. Ерлі-зайыптылардың шаңырақ көтергеніне 20 жылдай уақыт болған. Бүгінде 2 ұл тәрбиелеп отыр.

Өнер десе ішер асын жерге қоятын Ғафуровтар отбасы солтүстікқазақстандықтарға жақсы таныс. Қайырлы мырза өңірде – домбыраны, ал Назгүл ханым қобызды дәріптеп жүр. Екеуі де білген-түйгенін шәкірттеріне үйретіп, өнер колледжінде сабақ береді әрі облыстық филармонияда еңбек етеді. Шығармашылыққа жаны жақын жандардың өмір жолдары да ұлттық аспаптардың арқасында түйіскен екен.

Қайырлы Ғафуров – ҚР мәдениет қайраткері:

– 1999 жылы Қызылжар қаласына университетке оқуға түстім. Сол жылы Назгүл қобыз аспабынан мұғалім болып келді. Фольклорлық ансамбль құрдық. 02:22 Сол кезде алғаш рет кездестірдім. Бастапқыда қарым-қатынасымызды жасыруға тырыстық.

Танысқандарына 1 жарым жыл толған соң қос ғашық шаңырақ көтеруді шешеді. Міне, биыл өмірі өнермен өрілген жұптың отбасы болғанына 20 жыл толады. Жарасымды жұп бүгінде 2 бірдей ұл тәрбиелеп отыр. Үлкені Ғабит 18-де, Нұржігіт 11-де екен. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші үйдің кенжесі анасы мен әкесінің жолын қуып, болашағын музыкамен байланыстырғысы келеді.

Нұржігіт Ғафуров:

– Мен ән айтуды өте жақсы көремін. 1-ші сыныптан үйреніп жүрмін. 05:14 Әкем домбыра тартуға үйретеді. Анам мен ағам ән айтуға үйретеді.

Ғафуровтар үшін жанұя құндылықтары мен қағидалары басты орында. Екіара түсіністік болса, кез келген қиындықты еңсеру оңай дейді Назгүл Маштақова. Шаңырақтың ішін қуанышқа толтырып, тату-тәтті өмір сүру үшін бірін-бірі тыңдай білу қажет екенін айтады.

Назгүл Маштақова – ҚР мәдениет саласының үздігі:

– “Ә десе, мә” деп бір-біріне жауап қайтармай, төмендей біліп үйренуіміз қажет. Жастар жеңу үшін “менікі дұрыс, сенікі бұрыс” деп кетеді. Сол жағынан тыңдай білу керек деп ойлаймын.

Отанасының балаларға тәрбие беруде де өзіндік тәсілі бар.

Назгүл Маштақова – ҚР Мәдениет саласының үздігі:

– Тамақ басына келген кезде де “бірінші әкең отырсын” деп балаларға айтып отыру керек. 05:50 Отбасыны бірінші орынға қоямын. Балаларға дұрыс тәрбие беруге тырысамын. Теріс қылықтарымызды көрсетпеуге тырысамыз.

Өнерлі жандар Отбасы күнін асыға күтіп жүр. Дәстүрге сай бұл күні Ғафуровтар жанұясында мерекелі де берекелі дастархан жайылып, шағын мейрам ұйымдастырылады екен.

Маржан Касымбек