Балалар

“Өрлеу” филиалында оқушыларға арналған онлайн кездесу өтті

“Қосымша білім беру навигаторы: қосыл, оқы, дамы”. Осындай тақырыпта жергілікті “Өрлеу” филиалында оқушыларға арналған онлайн жиын өткізілді.

Қашықтықтан педагогтар қосымша білім берудің мүмкіндіктерін көрсетті. Онымен қоса, тыңдаушылардың назарына Оқушылар сарайындағы Work Shop шеберханалары, робототехника, заманауи биотехнологиялар зертханасы, көркемсурет мектебі және басқа да түрлі үйірмелер таныстырылды. Бұл шара оқушылар үшін өздерінің қандай бағытқа қызығушылықтары барын анықтау үшін ұйымдастырылып отыр”,- дейді “Өрлеу” орталығының филиалы директорының орынбасары Лейла Алмағамбетова.

Лейла Алмағамбетова – “Өрлеу” БАҰО АҚ филиалы “СҚО ПҚ БАИ” директорының орынбасары:

– Бүгінгі іс-шарадан кейін оқушылар бос уақыттарын тиімді пайдаланатын болады деп ойлаймын. Және болашақ мамандықтарын таңдауда батылдық танытатындықтарына сенімдімін.

Алтынай Казиканова