Қоғам

Отбасы күніне арналған жиын өтті

Отан отбасыдан басталады. Шаңырақтың іргесін берік етіп, ішін мейірім мен махаббатқа толтыру – ата-ананың қолында.

Бүгін осыны арқау еткен солтүстікқазақстандық нәзікжандылар қауымы жиын өткізді. Шара барысында жанұялық құндылықтарды сақтап қана қоймай, оны жастардың бойына сіңіру жайында сөз қозғалды. Өзінің өткенін біліп өскен ұл-қыздардың Отанға деген сүйіспеншілігі де ерекше болады дейді “Дуслык” облыстық татар-башқұрт қоғамдық орталығының мүшесі Зулейха Бикметова.

Зулейха Бикметова – “Дуслык” облыстық татар-башқұрт қоғамдық орталығы» ҚБ мүшесі:

– Біз көп ұлтты бауырына басқан елде өмір сүріп жатырмыз. Ұл-қыздарды кішкентай кезінен бастап бір-бірінің діні мен тілін құрметтеуге үйретуіміз қажет.

Маржан Касымбек