Мәдениет

Әнші Светлана Логвиненконың онлайн концерті өтті

Кеше кешкісін облыстық филармонияның солисі Светлана Логвиненко жеке онлайн концертін өткізді.

Кешті жерлестеріміз өнер ордасының инстаграм парақшасына кіріп, тікелей эфирде тамашалай алды. Пётр Чайко́вскийдің 185 жылдығына арналған концерттік кеште жерлесіміз атақты сазгердің 10-ға жуық туындысын орындады. Тағы бір мәдени іс-шара Светлана Логвиненко және оның әріптестерінің қатысуымен қазан айының соңында ұйымдастырылады. Ол Лю́двиг ван Бетхо́веннің 250 жылдығына арналмақ. Ауқымды концертке көрермендерді шақыру жоспарланып отыр.

Светлана Логвиненко – облыстық филармонияның солисі:

– Карантин кезінде үнемі қолдап, өздерінің жылы лебіздерін білдіретін көрермендерді қатты сағындық. Әрине, онлайн концерттер ұйымдастырылып тұрды. Бірақ, бет-бетпе жүздесіп, туындыны сахнада орындағанға не жетсін?! Көп ұзамай сол күнге де жетеміз деп ойлаймын.

Ешкенова Дана