Автодабыл кодын бұзу арқылы көлік тонап жүрген ұры ұсталды

Құқық қорғау органдары

21:31 11 Қыркүйек 2020

Hi-tech стиліндегі ұрлық! Жергілікті тәртіп сақшылары көліктердің ішін тонап жүрген жүрген баукеспені құрықтады. Қолының қыспасы бар адам  арам ойын іске асыру үшін ең заманауи құрылғыны пайдаланыпты. Ол машинаның автодабыл кодын алып тастайтын затты қолданған екен.

Мұндай факті жайлы 4-ші қыркүйекте полицейлерге Петропавл қаласының тұрғыны шағым түсіреді. Оның көлігінің ішінен 150 мың теңге салынған әмиян жоғалыпты. Оқиға орнына құқық қорғаушылар жетеді. Сонда олар есіктердің бұзылмағанын көреді. 4 күн өте сала, қалада осыған ұқсас тағы бір жайт тіркелген. Іздестіру шараларының нәтижесінде 56 жастағы күдікті қолға түсті. Ұсталған ер азамат – Қызылжар ауданының тұрғыны. Баукеспе бұрын да ұрлық жасап, істі болыпты. Қазіргі күні ол уақытша ұстау изоляторында отыр. Полицейлер тоналған дүниелердің жартысын иелеріне қайтарған. Сондай-ақ, мамандар ұрлықшының көмекшісіне айналған құрылғыны тәркілепті.

Бердимурат Баймухан

 

Бұдан әрі оқыңыз

Өңірде “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр
54 жастағы қала тұрғыны велосипед ұрлаған
Трактор пойызбен соқтығысып қала жаздады
Әскери билет пен жүргізуші куәлігін жасап беруді ұсынған алаяқтың әрекеті әшкере болды)
СҚО-да мас күйде әрі заңсыз аңшылық құрған ер адам ұсталды
STOP-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 16 әйел есепке қойылды
Экстремистік мазмұндағы материал жариялаған жан жауапкершілікке тартылды
Қала тұрғыны біреудің ұялы телефоны мен велосипедін ұрлаған
Аққайын ауданында 24 жастағы жігіт пышақ жарақатынан қайтыс болды
СҚО-да көмір тиелген тіркеме аударылып қалды
Петропавлда интернет алаяғы ұсталды
Жыл басынан бері өңірде 4 адам пойыз астына түсіп, көз жұмған