Hi-tech стиліндегі ұрлық! Жергілікті тәртіп сақшылары көліктердің ішін тонап жүрген жүрген баукеспені құрықтады. Қолының қыспасы бар адам арам ойын іске асыру үшін ең заманауи құрылғыны пайдаланыпты. Ол машинаның автодабыл кодын алып тастайтын затты қолданған екен.
Мұндай факті жайлы 4-ші қыркүйекте полицейлерге Петропавл қаласының тұрғыны шағым түсіреді. Оның көлігінің ішінен 150 мың теңге салынған әмиян жоғалыпты. Оқиға орнына құқық қорғаушылар жетеді. Сонда олар есіктердің бұзылмағанын көреді. 4 күн өте сала, қалада осыған ұқсас тағы бір жайт тіркелген. Іздестіру шараларының нәтижесінде 56 жастағы күдікті қолға түсті. Ұсталған ер азамат – Қызылжар ауданының тұрғыны. Баукеспе бұрын да ұрлық жасап, істі болыпты. Қазіргі күні ол уақытша ұстау изоляторында отыр. Полицейлер тоналған дүниелердің жартысын иелеріне қайтарған. Сондай-ақ, мамандар ұрлықшының көмекшісіне айналған құрылғыны тәркілепті.
Бердимурат Баймухан