Құқық қорғау органдары

Трактор пойызбен соқтығысып қала жаздады

Естімеген елде көп! Аққайың ауданында трактор  дәл темір жол бойында сынып қалған. Бұл жағдай қыркүйектің 9-ы күні Қиялы мен Смирново селоларының арасында болған. Көлікті жергілікті серіктестіктің  38 жастағы механизаторы басқарған екен әрі оның жүргізуші куәлігі жоқ болып шықты.

Аудан орталығына дән апара жатса керек. Алайда, пойыздар әрлі-берлі қатынайтын темір жол учаскесінде ауыр техниканың дөңгелегі шығып кетеді. Оқиға орнына бірден тәртіп сақшылары жеткен. Олар тракторды қауіпсіз жерге сүйреп апарады. Ал тура 15 минуттан кейін «Алматы-Петропавл» бағытындағы 15-ші жолаушылар пойызы өз қозғалысын жалғастырған.

Бисенова Жанна