Құқық қорғау органдары

Қала тұрғыны біреудің ұялы телефоны мен велосипедін ұрлаған

Жұмыссыз жүрген жігіт біреудің мүлкін ұрлауды әдет қылған. Жуырда 31 жастағы қала тұрғынының есігі ашық үйден телефон ұрлап, ал 3 күн бұрын біреудің велосипедін қолды еткені анықталды. Қазір аталған фактіге қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Қолының жымысқысы бар жігіт жай жатқан дүниені жымқырмай кетпейтін көрінеді. Әрі иесі бар, оның өзінде үйде жатқан. Есіктің ашық екенін көрген 31 жастағы қала тұрғыны ақырын басып, кіреберістегі жиһазға қойылған телефонды қолды қылған. Әккі ұрының әрекеті. Оның түлкідей бұлғаң етіп санаулы секундт ішінде бағалы затты ұрлап, ұзап кеткенін іштегі тұрғындар біраз уақыттан кейін бірақ аңғарса керек. Баукеспені құрықтауда подъездегі бейнебақылау камерасының көмегі тиген.

–  Краденое куда девали?

– Продал.

– Кому?

– Ну. Я не знаю, я не знаком с ним.

– Где? На рынке, в ломбарде продали?

– Нет. На квартире продал.

Қазір 31 жастағы қала тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Ол бұған дейін де ұрлық жасаған. Жуырда М.Әуезов көшесінде орналасқан үйдің подъезінен құны 45 мың теңге тұратын велосипедті қолды қылған да осы жігіт екен.

Руслан Сыздықов – қалалық ПБ екінші полиция бөлімінің бастығы:

– Велосипед сүйелген подъезде домофон болмаған. Есік ашық тұрған. Ол осыны пайдаланып көлік құралын жымқырып кеткен. Мұндай адамдар баспанаға домофоннан “Мен сіздің көршіңізбен деп” хабарласып, жалған өтініп кіреді. Үйге кіріп алған соң ұрлық жасаудың сәтін күтеді.

Жыл басынан бері Петропавлда 250-ге жуық пәтер ұрлығы тіркеліп, жартысынан астамы әшкереленген.

Маржан Касымбек