Қоғам

“Telegram”-да әйелдер үшін ақпараттық арна ашылды

Жергілікті полицейлер зорлық-зомбылыққа тап болған петропавлдық нәзікжандылар үшін “Тelegram” желісінде арнайы ақпараттық арна ашты. Ол “Между нами говоря” деп аталады.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, арнаға кіру немесе тіркелу арқылы әйелдер қауымы психологиялық көмекпен қатар, бірқатар заңгерлік кеңес те ала алады. Сонымен қатар, көрсетілген нөмірлер бойынша тәртіп сақшыларына хабарласып, мән-жайды жеткізе алады. Байланыс нөмірлерін назарларыңызға ұсынамыз.

– Полицияның сенім телефондары: Петропавл қаласы бойынша 39-48-56; СҚО бойынша 8-715-2-61-25-30
– WhatsApp нөмірі: 8-708-432-45-61
– Telegram мессенджеріндегі арна: t.me/mejdunamigovory
– Дағдарыс орталығы: 52-98-86 және 8-777-278-52-72 (WhatsApp)

Қанат Айтбаев – СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары:

– Бұл ақпараттық арна арқылы нәзікжандылар өздерінің заңды құқықтарын біле алады. Тағы, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың көмегіне жүгіне алады. Айта кеткен жөн, “Telegram” желісі арқылы анонимді үндеу де жасауға болады. Ол үшін “Обсудить” сөзі жазылған экранның тұсын басу қажет.

Жанна Бисенова