Қоғам

СҚО-да “Бастау” жобасының соңғы легі бастау алды

Қыркүйектің 1-ші жұлдызынан өңірде “Бастау” жобасының соңғы, яғни 4-ші легі басталды. Оған 170 солтүстікқазақстандық қатысуда. Қазіргі күні оқыту қашықтықтан жүргізіліп жатыр.

Мамандар жерлестерімізге бизнестің қыр-сырын үйретеді. Тақырып негізін маркетинг, қаржы және салық бағыттарын қамтиды. Оқуды тәмамдаған соң тыңдаушылар мемлекеттік грантқа қол жеткізе алады. Берілетін қолдаудың көлемі 200 айлық есептік көрсеткіш, яғни жарты милион теңгеден асады. Сондай-ақ, жерлестеріміздің  жеңілдетілген пайыздық мөлшерде несие алуға мүмкіндіктері бар. Жалпы, жыл басынан бері солтүстікқазақстандықтарға 300-ден аса грант пен 110 несие берілген.

Бердимурат Баймухан