Қоғам

Петропавлда ағаштарды заңсыз кесу фактісі тіркелді

Петропавл төңірегінде ағаштарды заңсыз кесу фактісі тіркелді. Бұл жағдай “Веснянка” саяжай қауымдастығында орын алған.

Төрт бірдей бой түзеген қайыңды  59 жастағы қала тұрғыны кесіп тастапты. Ер адам жайқалып тұрған жасыл желектің көзін жою үшін, тіпті, жұмысшы жалдаған. Ағаштар оның иелігіндегі аумақта орналасса да кесу алдында қалалық әкімдікке хабарласып, тиісті рұқсат қағазын алуы керек болатын. Алайда, ер адам бұл жайлы білмеген көрінеді. Енді оған қатысты әкімшілік жаза тағайындалмақ.

Нұрбек Баекин – СҚО ПД баспасөз қызметінің инспекторы:

– Аталған құқық бұзушылық жасағаны үшін учаске иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК 381-1-ші бабының 1-ші бөлімі бойынша материал жиналып, шешім қабылдау үшін Петропавл қалалық сотына жолданды.

Ешкенова Дана