Спорт

“Қызылжар” ФК келесі қарсыласы – қостанайлық “Тобыл”

Хабарымызды футбол жаңалығымен аяқтайық. Осы күндері ұлттық құрамалар Ұлттар лигасында өзара сынға түсіп жатыр.

Алғашқы турда отандастарымыз литвалықтарды тізе бүктірді. Сырт алаңда өткен матч 0-де 2 есебімен аяқталды. Ал дәл қазір Қазақстан командасы Алматының орталық стадионында Беларусь құрамасымен ойнауда. Тартысты бәсеке сағат 20:00-де бастау алды. Айта кетейік, қыркүйектің 12-сі күні ел чемпионаты аясындағы кездесулер қайта ұйымдастырылмақ. 8-ші турда жергілікті “Қызылжар” командасы қостанайлық “Тобыл”-мен күш сынасады. Матч оңтүстік астанада немесе Талғар қаласында өтеді. Бүгінде петропавлдық ұжым турнирлік кестеде 8-ші орында тұр. Қоржында 7 ұпай бар.

Дана  Ешкенова