МТРА жаңалықтары

Петропавл халқының саны 220 мыңға жақындады

Петропавл халқының саны 220 мыңға жақындады.

Тамыз айында жүргізілген санаққа сүйенсек, бүгінде қала тұрғындарының саны 219 мың 608 адамды құрайды. Мұндай көрсеткіш соңғы рет тура 25 жыл бұрын тіркеліпті. Одан кейін  облыс орталығында халық санының азаюы байқалған. Ал ең жоғарғы көрсеткіш 91-де тіркеліпті. 28 жыл бұрын шаһарда 247 мың адам өмір сүрген. Оң динамика 2005-тен бері байқалады. Дәл осы жылдан бастап Қызылжарда туылған сәбилердің қатары артқан. Статистик мамандардың болжамы бойынша, 2050 жылға дейін петропавлдықтардың саны 330 мыңға жетпек.

Жанна Бисенова