Қоғам

Жолдауға арналған көрме

Жаңа жолдауға арналған кітап көрмесі қанат жайды. Мұндай іс-шара С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада ұйымдастырылды. Көрмені тамашалауға келген оқырман назарына  ел тарихынан, экономикасынан сыр шертетін 50 еңбек ұсынылды. Толығырақ Алтынай Қазиқан баяндасын.

Ауыл шаруашылығы, экономика, денсаулық сақтау саласы, білім беру, халықтың әл-ауқаты. Қабырға толы кітаптар тәуелсіз Қазақстан тарихындағы Жолдаулар жайында, сан саланың дамуы турасында сыр шертеді. 50 кітап – әрқайсысы өзінше ерекше, өзінше құнды.

Жанат Мұхамеджанов – С.Мұқанов атындағы ОӘҒК қызметкері:

– Жолдаудың 7 бағыты бойынша бүгінгі күні кітаптар қойылды. Оның ішінде экономикалық, экологиялық, білім саласы, денсаулық саласы, халықтың әл-ауқатын арттыру және мемлекеттік басқару салаларына арналғандары бар.

Көрмеде оқырмандар қауымы негізінен ел экономикасы жайлы кітаптармен танысты. Солардың бірі – қала тұрғыны Қарлығаш Садуева. Нәзікжанды кітап алуға келіп, көрмеге кездейсоқ тап болдым дейді.

Қарлығаш Садуева – қала тұрғыны:

– Осындай көрме жиі болса екен. Кітапханаға сирек келемін. Бүгінгі көрмеге дәл келіппін.

Тарихи кітаптардан бөлек, бұл жерден бизнеске байланысты көптеген туындыларды кездестіруге болады. Солардың бірі – «100 шағын бизнес жоба» кітабы. Бұл еңбек болашақ кәсіпкерлерге арналған.

Казиканова Алтынай