Спорт

Жерлесіміздің жарқын жеңісі

Спортсүйер қауым үшін сүйінші жаңалық! Жерлесіміз, Қазақстан құрамасының көшбасшы велошабандозы Алексей Луценко осымен 170-ші рет ұйымдастырылып отырған әйгілі «Тур де Франс» велокөпкүндігінің 6-шы кезеңінде топ жарды.

“Астана” құрамасының мүшесі кезекті сайыста 191 шақырымды 4 сағат, 32 минут, 34 секундта бағындырды. Бұл – отандасымыздың дүбірлі додадағы алғашқы жеңісі. Мәреге екінші болып испаниялық спортшы жетті. Ал үздік үштікті белгиялық шабандоз тұйықтады. Алексей Луценконы жарқын жеңісімен Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы Тимур Құлыбаев құттықтап, өзінің жылы лебізін білдірді.

Тимур Құлыбаев – Қазақстан ҰОК басшысы:

– Алексей, бүгін сіз барша олимпиадалық отбасыға, барша жанкүйерге көптен бері жетіспей жүрген керемет көңіл-күй сыйладыңыз. Жеңістің бағасы әдеттегіден де арта түсті. Қазақстандық велошабандоздың 10 жылдан соң әйгілі көпкүндік кезеңінде жеңіске жеткені сіздің көшбасшылық қабілетіңізді айқындай түседі. Гранд Турдың келесі кезеңдерінде қазақстандық командаға шын жүректен сәттілік тілеймін. Бұл жеңіс Қазақстанның Олимпиада құрамасы атлеттерінің алдағы жетістіктеріне жол ашсын.

Култанов Байболат