Құқық қорғау органдары

Жергілікті полицейлер кезекті рет есеп берді

Жергілікті полиция департаментінің мамандары кезекті рет есеп беру жиынын ұйымдастырды. Тәртіп сақшыларының сөзінше, биыл ұрлық фактілерінің саны біршама азайған. 6 айда 25 жағдай тіркеліпті. Бұл – өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 36-ға кем. Барымташылық та сиреген. Бұған мал иесі, бақташы мен әкімдік арасында үшжақты келісім шарт жасау практикасы себеп болса керек.

Жыл басынан бері өңірде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 43 факті тіркелді. Алайда, ерінен қорлық көрген әйелдердің басым бөлігі шағымды кеш берген. Бірі жолдасының бопсалауынан қорықса, екіншісі жұрт сөйлейді деп алаңдаған көрінеді. Осыған байланысты жергілікті полицейлер мен тиісті сала мамандары нәзікжандылармен жиі түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, қолдау көрсетеді.

Алина Орлова – “Әйелдерді қолдау орталығы” ҚБ төрайымы:

–  Мұндай азаматшалар балаларымен бірге «Әйелдерді қолдау орталығында» жарты жыл тұра алады. Мекемеде барлық жағдай жасалған. 6 ай бойы нәзікжандылармен психолог мамандар сөйлесіп, әңгіме жүргізеді.

Шара барысында жергілікті полицейлер өңірде ұрлық фактілерінің азайып келе жатқанын мәлімдеді. Мәселен, 6 айда мал ұрлығына қатысты 25 жағдай анықталыпты. Бұл – өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 36-ға кем.
Барымташылықтың азаюына тәртіп сақшыларының алдын ала жүргізген шаралары себеп болып отыр. Осыдан 3 ай бұрын 3 тараптың арасында: олар: жануардың иесі, бақташы мен жергілікті атқарушы билік өкілдері тиісті келісім шарт жасасқан. Мамандардың сөзінше, құжат мал бағушының жауапкершілігін арттыруға септеспек.

Жасұлан Ахметов – СҚО ПД жанындағы консультативтік-кеңесші органның төрағасы:

– Аудандық полиция бөлімдерінде ұйымдастырылатын кездесулерге біз де қатысып отырамыз. Тұрғындардың қандай бұйымтайлары бар, оны қалай шешуге болады? Осы ретте мәселелерді талқылап, ұсыныс білдіреміз.

Жалпы, жыл басынан бері өңір полицейлері 700-ге жуық есеп беру жиынын өткізген. Шара барысында тұрғындардан 600-ге жақын ұсыныс пен шағым келіп түскен.

Маржан Касымбек