МТРА жаңалықтарыБілім

Солтүстікқазақстандықтар жолдауға үн қосты

2025 жылға таман 6 жасқа дейінгі балалар балабақшамен толық қамтылуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті жолдауындағы 5-ші бөлімді білім беру саласына арнады. Президент өз сөзінде алдағы уақытта мұғалімдердің еңбекақысы кезең-кезеңімен өсетінін де айтты. Бұл ұстаздардың жұмысқа деген ынтасын одан әрі арттырады дейді жергілікті мамандар.

Мектеп жасына дейінгі баланы білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру. Светлана Синицких – тәжірибелі мамандардың бірі. 20 жылдан астам уақыттан бері ол 3 пен 5 жас аралығындағы бүлдіршіндерді оқуға, жазуға және санауға үйретіп келеді. Аталған дағдыларсыз балаға 1-ші сыныпқа келгенде оқу барысы қиынға соғуы мүмкін. Сондықтан, мемлекет басшысы өзінің жолдауында жаңа міндет қойып отыр. Бұл – мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамыту мәселесін шешу.

Светлана Синицких – «Гулливер» балабақшасының педагогы:

–  Мемлекет басшысы өз Жолдауында сан салаға екпін жасап, нақты іс-әрекеттерді айқындап берді. Бүгінгі таңда мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу өзекті мәселеге айналып отыр. Оларды оқыту және дамыту бағытында тынымсыз еңбектену қажет. Президент 2025 жылға таман 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен 100 пайыз қамту қажеттігін айтты.

Қолжетімділік пен сапа – бұл білім беруді дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі. Қазіргі жағдайға байланысты оқушылардың қашықтықтан білім алуына тиісті жағдайлар жасалып жатыр. Осы ретте мұғалімдер қауымына түскен жүктемені ескерген мемлекет басшысы ұстаздардың еңбекақысы алдағы уақытта кезең-кезеңімен өсе беретін айтты.

Ерлан Мәкен – қалалық №21 орта мектебінің тарих-география пәндерінің мұғалімі:

– Қаңтар айынан бастап ұстаздардың жалақысы тағы 25 пайызға өспек. Бұл жаңалық бізді қатты қуантты. Мемлекеттің мұндай қолдауы педагогтарға жігер мен жұмысына серпін береді.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев қашықтықтан оқытудың сапасын арттыру үшін шұғыл бірыңғай онлайн платформа әзірлеу қажеттігін тапсырды.

Маржан Касымбек