Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО-да қос бірдей шенеунік қызметінен босатылды

Облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев пен Ақжар ауданының басшысы Ербатыр Мадьяров  қызметінен кетті. Мұндай шешім Президент әкімшілігінің келісімімен қабылданып отыр. Қос шенеунікке қол астындағы қызметкерлердің жасаған бармақ басты, көз қыстылық әрекеттері үшін орындарын босатуға тура келген. Бұл жайлы өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов  сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында мәлімдеді.

Негізі, жиынға түрлі басқарма басшылары мен қашықтықтан  аудан әкімдері қатысты. Атқамінерлер тамыз айының соңында Президенттің қатысуымен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте қаралған негізгі бағыттарды талқылады. Сондай-ақ, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары саласындағы құқық бұзушылықтар қаузалды.

Бисенова Жанна