COVID-19: Қазақстан

Петропавлда демалыс күндері қоғамдық көлік жұмыс істейді

СҚО-да карантин ережелері жеңілдетілді.

Алдағы демалыс күндері Петропавлда қоғамдық көлік жүруін тоқтатпайды. Қоғамдық моншалардың да жұмыс істеуіне рұқсат беріліп отыр. Сондай-ақ, дәмханалар мен мейрамханалар 30 адамға дейін қабылдай алады. Бірақ, кейбір шектеу шаралары сол қалпында қалдырылған. Алдағы сенбі-жексенбі күндері мына нысандарға баруға тыйым салынады:

-сауда, ойын-сауық орталықтары, ондағы азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда.

– құрылыс тауарларын сататын дүкендерді қоспағанда, ауданы 500 шаршы метрден асатын азық-түліктік емес дүкендерге;

– азық-түліктік емес жабық базарларға;
– сұлулық салондары, шаштараздар, СПА орталықтары, косметологиялық қызмет көрсететін нысандарға;

– фитнес-орталықтар, жаттығу залдары, спорттық-сауықтыру орталықтары, бассейндер, сауналарға;

– сондай-ақ, ашық аспан астындағы аттракциондар мен діни нысандардың да жұмысы уақытша тоқтатылады.

Дана Ешкенова