МТРА жаңалықтары

Облыс әкімі жұмыс сапарымен Аққайың ауданында болды

Аққайың аудандық ауруханасына талай жылдар бойы күрделі жөндеу жүргізілмеген. Бұл мақсатқа «Ауыл-ел бесегі» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары аясында 82 миллионнан астамтеңге бөлініпті.

МАМАДИЯР БАЙҒҰЛОВ, АҚҚАЙЫҢ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

– Хируригиялық, гинекологиялық және қабылдау бөлімі барлық халықаралық нормалар сақтала отырып, жөндеуден өтті. Сонымен қатар, биыл бірқатар жаңа жабдықтар да сатып алынды. Енді емделушілерге сапалы көмек көрсетуге мүмкіндігіміз бар.

Жалпы күрделі жөндеу жұмыстары шілде айында басталған екен. Бүгінгі күнге дейін емдеу мекемесінің терезесі мен есігі толығымен жаңаланды. Сондай-ақ, электр жабдықтары да ауыстырылды.

Бүгінде аудандық ауруханада 200-ден астам медициналық қызметкер еңбек етіп келеді. Өңір басшысы емдеу мекемесінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында жұмыс істеп жүрген жас дәрігерлермен де жүздесті. Ұлықбек Усмановтың ауруханаға орналасқанына жылға жақын. Ол Түркістан медициналық университетін тәмамдап, осында келген.

ҰЛЫҚБЕК УСМАНОВ, ТЕРАПЕВТ-ДӘРІГЕР:

– Келгеннен кейін бір жарым миллион көтерме ақы берілді. Үй берілді. Карантин кезінде мен осы жерге келіп, провизорлық стацонарда істедім. Өте ауыр болды. Ол кезде адамдар 80 адамға дейін түсті. 80 адамға дейін қабылдадық. Енді қазір бәрі жақсы, орнына келіп жатыр.

Сондай-ақ, Құмар Ақсақалов мониторингтік топпен бірге балабақшадағы жөндеу жұмысының сапасын да көрді. Ғимарат 30 жыл бойы жаңартылмаған. Тек былтыр алғашқы жұмыстар басталған екен. Оған бюджеттен 22 миллион теңге қаржы бағытталған. Мұнда да есік-терезелер ауыстырылып, еден жөндеуден өтті. Қыркүйектің 1-і күні жұмысқа кіріскен мектепке дейінгі мекемеде барлық санитарлақ талап қатаң сақталған. Осыдан кейін өңір басшысы аудан тұрғындарымен кездесті. Ауылдағы ең басты проблема- жол. жаңа жөнделген жол бір жылға да шыдас бермейді, осыған байланысты жүк көліктерін елдімекенге кіргізбеуге кеңес берілді. Облыс әкімі мониторинг топ мүшелерін де белсенді болуға шақырды. Себебі, көптеген мердігер компания жолды сапасыз салады.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

– Біз осы стендтке мердігер компания мен жұмысты қабылдағандардың нөмірлерін жазатын боламыз. халықта жолдың сапасына қатысты мәселе туындап жатса бірден оларға хабарласуға мүмкіндік алады.

Аққайың ауданындағы Власовка елдімекені болашағы бұлыңғыр ауылдардың қатарына кіреді. Жазда Власовка орта мектебінде де күрделі жөндеу жүргізілді. Биылғы жылы мұнда 108 бала оқып жатыр. Оларға 21 мұғалім сабақ береді. Ұстаздардың орташа айлық еңбекақысы 200 мың теңге.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

– Қаңтар айынын бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдердің еңбекақасын тағы 25 процентке көтеруді тапсырды. Президент ұстаздардың табысы экономиканың нақты секторынан жоғары болу керек деп айтты.

Былтыр ауылда 10 шақырым су құбыры ауыстырылып, 38 құдық орнатылды. Сондай-ақ, сорғы стансасы да іске қосылды. Қазіргі таңда елді мекендегі 250 үйдің тұрғындары орталықтандырылған су жүйесіне қосылған.

МАРИНА ПОЛТАВЕЦ, АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

– Бұған дейін аптасына екі рет қана су берілетін. Өткен жылы үйге су тарттық. Осыдан кейін кір жуу машинасын сатып алдым. Қазір аталған мәселе бойынша қиындық туындап жатқан жоқ. Бұл өте керемет емес пе ? Ауылда өмір сүру үшін тағы не керек?!

Ал Қиялы ауылында жаңа элеватор іске қосылды. Жобаға 1,5 миллиард теңге инвестиция құйылған. Мұндағы барлық ЖҰМЫС автоматтандырылған.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

– Жобаның жүзеге асырылуын 2 жыл бойы қадағаладым. Бүгінде заманауи өндіріс орындары көптеп ашылып жатыр. Бұл-өте жақсы. Соның арқасында жаңа жұмыс орындары да пайда болуда. Жалпы облыс бойынша 45 элеватор бар, оның 20-сы заманауи.

Сонымен қатар, Құмар Ақсақалов ауылшаруашылық тәжірибе стансасының алқаптарында болып, орақтың барысын бақылады. Мұнда 10 мың гектардан астам жерге астық, соя, зығыр, жасымық пен бұршақ егілген. Дәнді және майлы дақылдардың сапасын жақсарту үшін заманауи технологиялар қолданылады. Цифрландыруды білім беру және денсаулық сақтау саласында ғана емес, ауыл шаруашылығында да енгізу қажет. Қазір бұл үшін барлық жағдай бар. Мысалы, квадрокоптерлерді қолдану арқылы алқаптың жай-күйін бақылауға болады.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

– Қазір көптеген аграрийлер егінді күтіп баптамайды. Ал қағаз жүзіндеоларда бәрі жақсы. Олай болмау керек. Мемлекет ешқандай санкциялар қолдана алмайды. Біз мұны көріп отырмыз. Сондықтан квадрокоптерлерді енгізу қажет. Сонда ғана тәртіп болады.

Егер аграрийлер иелігіндегі жерге ұқыпты қарамаса, күтіп-баптамаса – онда оны тартып аламыз ,-деп атап өтті Құмар Іргебайұлы.