МТРА жаңалықтарыБілім

Оқушыларға компьютерлердің дұрыс таратылуын мониторингілік топ қадағаламақ

Қыркүйек айының соңына дейін өңірдегі 12 мыңға жуық оқушыға / білім алуға қажетті техникалық құралдар табыс етілетін болады.

Іске мемлекеттік қазынадан қажетті қаржы бөлінген. Ақшаның игерілуін және заманауи құрал-жабдықтардың / көпбалалы мен аз қамтылған отбасыларға жеткізілуін мониторингілік топ қадағаламақ. Бұл жайлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин мәлімдеді. Оның сөзінше, бүгінде қаламыздағы Киров атындағы зауыттан 1980 компьютер сатып алынған. Заманауи құралдың бір-біреуі шамамен 190 мың теңге тұрады. Жалпы, биыл өңірімізде 33 мыңнан астам оқушы / қашықтықтан оқып жатыр.

Нұрлан Жахин – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:

– Қазіргі таңда облыс бойынша қажеттілік – 11 990 дана. Оның бір бөлігі – компьютер, 7 жарым мыңға жуығы – ноутбук, 2 мыңға тарта – планшет. Жергілікті нарықта техниканың бағасы арзан. Бүгінге дейін 124 млн теңге үнемделді. Бұл қосымша құрылғылардың алынуына жұмсалуы мүмкін.

 

Бисенова Жанна