БілімҚоғам

М.Жұмабаев ауданында 11 әлеуметтік нысан биоотынмен жылытылады

Булаево қаласындағы Батыр Баян атындағы мектеп-гимназиясы 1973 жылы қолданысқа берілген. Бүгінде оқу ошағында 370 оқушы білім алады. 2018-де мекеме басшылығы жылытудың баламалы әдісін қолға алған екен. Яғни, биоқазандық орнатып, нысанның ішін бұрынғыдай көмірмен емес, сабанмен жылытуға көшкен.

– Ол кезде енді салқынырақ болды. Өңіріміз суық қой. Курткамен отырған кездеріміз де болды.

– Биыл балабақшаның жылыту жүйесін де ауыстырды. Енді қыс кезінде балалар тоңбайды.

Биотынның ерекшелігіне тоқталып өтейік. Біріншіден, сабанның қызулығы көмірден еш кем емес. Екіншіден, сабан өңірімізде жеткілікті, арзан бағаға сатып алуға болады. Ал үшіншіден биотын қоршаған ортаға да айтарлықтай зиян келтірмейді.

Юрий Терехов – Батыр Баян атындағы мектеп-гимназиясының директоры, М.Жұмабаев ауданы:

– Бұрын 600 тонна көмір жағатын едік. Оның өзінде нысанның іші аса жылымайтын. Әсіресе, екінші қабаттағы кабинеттер салқын болып тұратын. Ал былтыр небәрі 300 тонна сабан қолдандық. Соның өзінде мектептің іші жылы болып тұрды.

Осылайша мектеп ұжымы биоқазандықты пайдалану арқылы 1 жарым млн бюджет қаржысын үнемдепті.

 

 

 

Маржан Касымбек