Спорт

“Қызыл-Жар СҚ” ФК маусымдағы екінші жеңісіне қол жеткізді

“Қызыл-Жар СҚ” ФК маусымдағы екінші жеңісіне қол жеткізді! Тамыздың 30-ы күні жерлестеріміз Алматы қаласында ақтаулық “Каспий”-ді тізе бүктірді.

Матчтағы жалғыз голды петропавлдық жартылай қорғаушы Максим Драченко соқты. Ол 6-ші минутта қарсыластардың қақпасын тура көздеп, допты торда тулатты. Қазір Вячеслав Руснак жаттықтыратын жергілікті команда турнирлік кестеде 8-ші орында тұр. Қоржында – 7 ұпай. Қызылжарлықтар келесі кездесуде қостанайлық “Тобыл”-мен күш сынасады. Матчтың өтетін уақыты, орны, әзірге, белгісіз.

Култанов Байболат