СҚО-да 5 мың медицина қызметкеріне үстемеақы төленген

COVID-19: Қазақстан

23:52 1 Қыркүйек 2020

Елімізге коронавирус көктемде келді, жазда қарқын алды. Өкінішке қарай, салдарынан науқастардың саны еселеп артты. Ауру ешкімді аяған жоқ. Тіпті, адамдарға көмек қолын созып, негізгі талаптардың барлығын сақтап жүрген мамандар да індетке шалдықты.

Олжас Есенеев – қалалық көпбейінді ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

– Қорғаныс киімдерін киіп, қауіпсіздік шараларын барынша сақтағанымен кей әріптестеріміз вирусты жұқтырып алды. Соңғы мәліметке сүйенсек, 9 бірдей маман індетке шалдықты. Бұл дәрігерлердің әрқайсысына жәрдемақы ретінде 2 млн теңгеден берілді.

Жалпы, наурыз айынан бері COVID-19-ды жұқтыру қаупі жоғары аумақтарда жұмыс істеген 5 мың солтүстікқазақстандық маман үстемеақы алыпты.

Олжас Есенеев – қалалық көпбейінді ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

– Провизорлық стационар COVID-19-ды жұқтыру қаупі жоғары нысандардың ішінде екінші санатқа жатқызылады. Сондықтан, мұндағы мамандар белгілі бір көлемде үстемақы алады. Бүгінде ақының көлемі 425 мың теңгені құрайды. Осынша ақша наурыз айынан бері науқастарды емдеу ісіне ат салысып жатқан жандардың барлығына берілуде.

Тиісті үстемақыларын алған 5 мың солтүстікқазақстандық маманның жартысы – дәрігерлер. Қалғандары – провизорлық стационарлардың өкілдері, аурухана, емхана, санавиация мен жедел жәрдем қызметкерлері.

 

 

Маржан Касымбек

Бұдан әрі оқыңыз

Өңірде коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Петропавлда демалыс күндері қоғамдық көлік жұмыс істейді
Солтүстікқазақстандық оқушылардан коронавирус инфекциясы табылды