МТРА жаңалықтары

Петропавлда еріктілердің фронт-кеңсесі ашылды

Бүгін Петропавлда “Қазақстанның еріктілер лигасы” қоғамдық қоры облыстық филиалының фронт-кеңсесі ашылды.

Ол өңірдегі еріктілер қозғалысын одан әрі дамытуға бағытталған. Филиал өкілдерінің сөзінше, өлкемізде волонтерлердің саны күннен-күнге артып жатыр. Жана жайсаң жандар “Ашық жүрек” пен “Үміт” бағдарламалары аясында қарттар мен балалар үйлеріне барып көмектеседі, қайырымдылық концерттер ұйымдастырады. Одан бөлек, донор ретінде қан тапсырады, Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдерімен бірлесе жұмыс атқарады. Еріктілердің жасы – 16 мен 25-тің аралығында.

Андрей Ин – “Қазақстанның еріктілер лигасы” ҚҚ СҚОФ директоры:

– Бүгінгі күні ұйымға жергілікті жерде 150-ден астам ерікті мүшелік етеді. Олардың қатарында оқушылардан бөлек, студенттер де бар. Біз өңірдегі өзге де жастар ұйымдарымен бірлесе отыра жұмыс атқаратын боламыз. Алдағы уақытта облыс бойынша еріктілер санын арттырып, көптеген жобаларды іске асырамыз.