МТРА жаңалықтары

Конституция күніне орай әскери қызметшілер марапатталды

Антына адал, сертіне берік жандар. Ата заңның 25 жылдығына орай өңірдің әскери қызметшілері марапатқа ие болды.

6637 әскери бөлімінің сарбаздары қоғамдық тәртіпті қадағалауда полиция қызметкерлерімен иық тірестіре еңбек етеді. Міндеттерін абыроймен атқарып жүрген 100-ден астам жауынгерге бұл күні бөлім командирінің атынан мақтау қағаздары табыс етілді.

Кенжеболат Балтабаев – ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлімі командирінің орынбасары:

– Бүгінде бөлімде 400-ден астам жауынгер Отан алдындағы борыштарын өтеуде. Айта кеткен жөн, қаланың қоғамдық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күн сайын 150 әскери қызметші шығады.

 

 

 

 

 

Жанна Бисенова