МТРА жаңалықтары

Өңір тұрғындары Президент Жолдауына үн қосты

Президент Жолдауындағы негізгі бағыттардың бірі – азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру. Мемлекет басшысы ең алдымен тұрғын үй алу жолдарын жеңілдету қажеттігін айтты.

Осы мақсатта биылдан бастап «5-10-20» бағдарламасы қолға алынып, ел қазынасынан 390 млрд теңге бөлінген. Қасым-Жомарт Тоқаев қаражат тек құрылысқа ғана емес, жалдау ақысын субсидиялауға да бағытталуы керектігін мәлімдеді. Ал келесі жылдан бастап 700 мың отандасымыз Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаржының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға жұмсай алады. Бүгінде “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” екі бірдей бағдарламаны жүзеге асырып жатыр. Биыл «Нұрлы жер» және «Бақытты отбасы» жобаларының арқасында 274 солтүстікқазақстандық баспаналы болған. Жергілікті қаржы саласының өкілдері / Президенттің / ауыл еңбеккерлерін / жалдау ақысын субсидиялау арқылы баспанамен қамту туралы бастамасын құптап отыр.

Райхан Әбдірахманова – “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ СҚОФ директорының орынбасары:

– Ауыл тұрғындарына жұмыс берушілер арқылы жалдамалы үй берілетін болады. Бұл мәселе бізді қуантып отыр. Біздің аумақта ауыл тұрғындары өте көп. Ел Президенті «5-10-25» бағдарламасын нақтылап айтып кетті. Кезекті тұрған кісілер арыздарын қабылдап, жаңа несие рәсімдеп, үй алуға болады.

Ешкенова Дана