Мәдениет

Ел ғалымдары “Сакралды Қазақстан” жобасы аясында өңірде зерттеу жүргізуде

Ел ғалымдары “Сакралды Қазақстан” жобасы аясында / өңіріміздің тарихи орындары мен ескерткіштерін зерттеу үстінде.

Топ құрамына тарихшылар, этнографтар, картографтар мен фотосуретшілер кіреді. Мамандар аққайыңдар өлкесіне елордадан ат басын бұрған. Осында қыркүйектің 12-сіне дейін болмақ. Үш аптаның ішінде олар облыстың барлық тарихи-мәдени нысандарын аралауға ниетті. Бұл тізімде “Абылай ханның резиденциясы” музей кешені мен Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешені де бар.
Солтүстік Қазақстан облысынан кейін ғалымдар Қостанай және Ақмола өңірлеріне аттанбақ.

Батырхан Жұмабаев – «Киелі Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, Нұр-Сұлтан қаласы:

– Экспедиция 4 өңірді қамтиды. Олар: Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстары.  Бір нысанға жергілікті халықтың көзқарасы қандай, олар не мақсатпен келді соны анықтау үшін осындай жоба қолға алынды. Жылдың соңына дейін өңірлерді зерттеп, ғылыми еңбек қылып, жоғарыға тапсырмақпыз.

 

 

 

Актолкын Солтанханкызы