МТРА жаңалықтары

Биыл өңірде мемлекеттік қызметкерлерге 301 тәртіптік жаза қолданылған

Қазіргі күні мемлекеттік қызметкерлердің жұмысы – жіті бақылауда. Олардың атқарып жатқан қызметінің адалдығы мен дұрыс орындалуына ерекше көңіл бөлінеді. Заңнаманың бұзылуына жол бермес үшін арнайы құрылған департаменттің мамандары әр тоқсан сайын тәртіптік комиссияның жұмысына сараптама жүргізіп отырады.

Дархан Кәрімжан – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаменті басқармасының бас маманы:

–  “Мемлекеттік қызмет туралы” заңға сәйкес мемлекеттік қызметшілер жұмыстарына немқұрайлы қараса әкімшілік, қылмыстық және тәртіптік жазаларға тартылуы мүмкін. Облыста бірінші жартыжылдық бойынша тәртіптік жазалар саны өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға азайды. Сондай-ақ, этикалық бұзушылықтар 40% – ға қысқарды.

Статистикаға сүйенсек. Өңірде әдеп жөніндегі кеңес отырыстарында қаралған тәртіптік істер саны да қысқарған. Яғни өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есеге азайыпты.

Дархан Кәрімжан – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаменті басқармасының бас маманы:

– Егер мемлекеттік қызметкер тәртіптік жазамен келіспесе, онда ол сотқа жеке тұлға ретінде шағымдана алады. Сондай-ақ, жазаны тағайындаған басшының тарапынан мемлекеттік қызмет туралы заңның айқын бұзылғанын көрсе бұл жайында шағым түсіре алады. Яғни, біздің департаментке жүгіне алады.

Өңіріміздің әр ауданында тәртіптік комиссия бар. Комиссия мүшелері заң бұзған мемлекеттік қызметкерлерге қандай жаза қолдану қажеттігі турасында ұсыныс білдіреді. Мәселен, қазіргі күні Қызылжар ауданында барлық іс онлайн режимде қарастырылуда. Мамандардың айтуынша жыл басынан бері 22 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

 

 

 

Бердимурат Баймухан