МТРА жаңалықтары

Мереке қарсаңында белсенді нұротандықтар марапатталды

Конституция күні қарсаңында белсенді нұротандықтар марапатталды.

Салтанатты іс-шара “Nur Otan” партиясының жергілікті филиалында өтті. Ата заңымыздың 25 жылдығына орай 2 адам партия қатарына өтіп, өңірдің дамуына үлес қосқан 9 жерлесімізге алғыс хаттар мен медальдар табысталды. Олардың арасында “Nur Otan” партиясының “Болашақ”филиалы төрағасының бірінші орынбасары Александр Зель де бар. Айтуынша, бұл – 15 жыл бойы волонтерлік қызметпен белсенді түрде айналысқан үзеңгілестерінің ортақ еңбегі. “Болашақ” филиалының өкілдері қатаң карантин кезінде мұқтаж жандарға қолдау көрсеткен.

Александр Зель – “Nur Otan” партиясы “Болашақ” филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

– Бүгін мерейтойлық медальмен марапатталдым. Әрине, бұл менің ғана емес, әріптестерімнің де еңбегі. Алдағы уақытта да ерінбей тер төгуге әзірміз.

 

 

Ешкенова Дана