МТРА жаңалықтары

“Менің Қазақстаным” атты байқау өтті

“Менің Қазақстаным”. Осындай атаумен / ел Конституциясының 25 жылдығына орай / мұғалімдер арасында облыстық онлайн байқау өтті. Басты талап – әр қатысушы сыныптан тыс сценарий ұсынуы керек.

Барлығы 50-ден астам мұғалім бақтарын сынаған. Ауылдық мектептердің ұстаздары да белсенді қатысқан екен. Жеңімпаз біреу: ол – М.Жұмабаев атындағы жоғарғы колледж жанындағы мектеп-лицей директорының / тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Екатерина Чернова. Сондай-ақ, бұл байқауда педагогтардан бөлек, олардың шәкірттері де сынға түсті. Жоғары сынып оқушылары «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында эссе жазған. 20 қатысушының ішінен қалалық №26 мектептің оқушысы Наталья Герасимова мен Жамбыл ауданындағы Украин орта мектебінің оқушысы Сәбина Сұлтанова үздік атаныпты.

Алтынай Қазиқан