МТРА жаңалықтары

Кәсіпкерлер палатасында өңірлік кеңеске мүшелерді сайлау аяқталды

Үміткерлер осыған дейін atameken.kz сайтына кіріп, өзі жайлы ақпарат қалдырған болатын. Кейін, халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Ал шілденің 22-сінде арнайы комиссия 60 үміткерді іріктеп алғаннан кейін, кеңес мүшелері дауыс беру арқылы анықталды. Нәтижесінде аталған ұйым өкілі ретінде 33 адам бекітілді. Енді олар өңірдің бизнес саласында туындаған мәселелерді шешуге атсалысады.

Владимир Витченко – облыстық кәсіпкерлер палатасы өңірлік іріктеу комиссиясының төрағасы:

– Іріктеліп алынған қатысушылардың басым бөлігі агроөнеркәсіп кешенінде еңбек етеді. Қалғаны – қызмет көрсету, тауар, құрылыс және транспорт салаларының өкілдері. Бұл жандар енді жиындарды жиі өткізіп отыратын болады. Облыс әкімі мен кәсіпкерлер палатасының басшылығына өңірде бизнестің қай бағытын дамыту керек және туындаған мәселелерді шешу жолдары турасында ұсыныс білдіреді.

 

 

 

 

Маржан Касымбек