МТРА жаңалықтары

Қазавтожол қызметкерлері флешмоб өткізді

Жолда жүру ережелерін сақта! ҚазАвтоЖол кәсіпорнының қызметкерлері мен тәртіп сақшылары бірлесіп жол-көлік апаттарының алдын алу мақсатында флешмоб ұйымдастырды.

Шараға 20-дан аса маман қатысты. Олар өткен-кеткен көліктерді тоқтатып, жүргізушілер мен жолаушыларға қауіпсіздік қағидаларын еске салды. Көлік апаттарының санын қысқартуда трассаларды жөндеу жұмыстарының да алар орны зор. Сондықтан, өңір аумағы арқылы өтетін республикалық жолдардың жағдайы – Қазавтожолдың жергілікті филиалының жіті бақылауында.

Жәнібек Данешов – “ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ СҚОФ директоры:

– Қазіргі күні 47200 шұңқырды жабу жұмысы атқарылды. 737 жол белгісі қойылып жатыр. Филиалда 126 техника бар. 342 адам жұмыс істейді, 5 пункт бөлімшесі бар. Одан бөлек, 17 жол бөлімшесі қызмет атқаруда.

Алтынай Қазиқан